ӘЧ: Жасұлан Қыдырбаев жұлқа көтеру жаттығуында үздік үштіктің қатарында

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақта Жасұлан Қыдырбаев жұлқа көтеру жаттығуында үздік үштіктің қатарынан табылды.
None
None

Алғашқы мүмкіншілігінде 178 келіні еркін бағындырған Жасұлан одан кейінгі мүмкіншіліктерінде 183 келіге тапсырыс бергенімен, бұл салмақты бағындыра алмады. Тағы бір спортшымыз Алмас Өтешев те бірінші мүмкіншілігінде 172 келіні еркін көтерген болатын. Екінші жолы 180 келіге тапсырыс беріп, оны көтергенімен төрешілер есепке алмай қойды. Ал спортшымыз үшінші мүмкіншілігін сәтті пайдалана алмады. Осылайша, Жасұлан үздік үштікке кірсе, Алмас 10-шы орында тұр. Алда - серпе көтеру жаттығуы. Жұлқа көтеруде 181 келіні бағындырған ресейлік Алексей Косов көш бастады. Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда өткен Әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаев 408 (179+229) келіні бағындырып чемпион атанған еді.

Соңғы жаңалықтар