Ачинскідегі оқ-дәрі қоймасында болған жаңа жарылыстан 9 адам зардап шекті

АЧИНСК.ТАСС-ҚазАқпарат – Ачинск қаласы түбіндегі оқ-дәрі қоймасында болған жаңа жарылыстан тоғыз адам зардап шеккен. Бұл туралы Ачинск ауданаралық орталық ауруханадан мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ачинскідегі оқ-дәрі қоймасында болған жаңа жарылыстан 9 адам зардап шекті

Өлке губернаторы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жарылыстар минадан тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Ал күш құрылымдарының мәлімдеуінше, жаңа жарылыстарға найзағай себеп.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқ-дәрі алаңына жай түскен, салдарынан екі жарылыс болған.

Шұғыл қызметтегі дереккөздің айтуынша, әскери қоймаға жақын тұрған үйлердің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа эвакуациялап жатыр.