«ADAL» партиясының өкілдері Ақмола мен Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Депутаттыққа кандидаттар мен «ADAL» партиясының өкілдері Ақтөбе және Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесулерін жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кандидаттар Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Лаура Маликова, Ләззат Шыңғысбаева мен партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов және Әнуар Керембаев өңірдің бірқатар елді мекендерінде болды.
Қандыағаш қаласында қала жұртшылығымен үлкен кездесу өтті. Кездесу барысында Мақсат Толықбай партия бағдарламасының мақсаты туралы айтты.
Қала тұрғындары сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, аймақтағы проблемалар туралы айтты.
Депутаттыққа үміткерлер Ақмарал Бекмұрзаева мен Алина Асқарованың Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге көпбалалы аналар қатысып, олар өздері тұратын тұрғын үй жағдайларын түзеп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек қажеттігін айтты.