Адалбек Құнанбаевты ҚР Президенттігіне кандидат етіп тіркеуден бас тартылды - ҚР ОСК

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - ҚР Президенттігіне үміткер тарих пәнінің ұстазы, астаналық Адалбек Құнанбаевтың кандидатурасын тіркеуден бүгін ресми түрде бас тартылды.

Адалбек Құнанбаевты ҚР Президенттігіне кандидат етіп тіркеуден бас тартылды - ҚР ОСК

Үміткерге ҚР Президенттігіне кандидат етіп тіркеуден бас тарту туралы қаулының жобасын ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев тапсырды.

«Кезекті отырысқа Құнанбаев Адалбек Оқанұлын ҚР Президенттігіне кандидат етіп тіркеуден бас тарту туралы қаулы жобасы шығарылады. Үміткер Конституцияның және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес емес деп анықталсын», - деді құжат жобасын оқыған Б.Мелдешев.

ОСК хатшысы түсіндіргендей, Адалбек Құнанбаев мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін анықтауға арналған емтиханды тапсыра алмады және оны өзі де мойындап отыр.

Осыған орай Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Адалбек Оканұлы Құнанбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.