Адам ағзасының жұмысын қайталайтын чип жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гарвард университетінің ғалымдары адам өкпесінің жұмысын қайталайтын чип жасады, деп жазады medscape.com.

Адам ағзасының жұмысын қайталайтын чип жасалды

Құрылғы зерттеу жүргізуге және адам ағзасына дәрі-дәрмектің кері салдарын анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, осындай чиптер алдағы уақытта препараттарды жануарларға сынауды тоқтатады деп күтілуде.

Сондай-ақ зерттеушілер адамның басқа да ағзаларының жұмысын қайталайтын чиптер бойынша жұмыс жүргізуде.