Адам баласының атом қуатын пайдаланудан бас тартар дәрмені жоқ - Борис Уманов

АТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Атом қуатын пайдаланудан бас тартпауымыз қажет. Бұл пікірді «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Борис Уманов бүгін Алматыда өтіп жатқан 7-ші Халықаралық тәуекел-менеджменті конференциясында айтты.

Адам баласының атом қуатын пайдаланудан бас тартар дәрмені жоқ   -  Борис Уманов

«Жапониядағы «Фукусима» АЭС-індегі апат «атомдық ренессансқа» бір сәтте қауіп төндіріп, әлемдік ауқымдағы радиофобияға айналдырды. Бүгін біз Жапон АЭС-індегі апат салдарын бағалай алмаймыз, бірақ бұл салдарлардың қаупін елемеуге болмайды. Алайда бүгіннің өзінде радиациялық мүмкін жұғуға қарағанда радиофобияға байланысты ширығудан әлдеқайда көп адам өлетін сияқты», - дейді Борис Уманов.

Оның пайымдауынша, әлемдік энергетикалық баланстың жағдайына қарағанда енді адам баласының атом қуатын пайдаланудан бас тартар дәрмені жоқ. Бұл көмірсутегілік шикізатқа қымбат баға белгілеуге және оның тапшылығына апарып соқтырар еді. Сондықтан «Фукусима» сабағын ұғынып, алған мағлұматымызды қолданыстағы және жаңадан салынатын реакторларды пайдалану кезінде ескеруіміз керек.