Адам Бут: Головкиннiң деңгейi Штурм мен Мартинестен екi есе жоғары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBO чемпионы Энди Лидiң бапкерi Адам Бут: «Мартин жекпе-жектi қалай өткiзетiнi қызық болады, ол - қорғанысы мығым, iрi боксшы. Ол - Головкинге қарсы шыққан боксшылардың ең үздiгi әзiрге. Сондықтан, Мартин Головкинге үлкен тәжiрибе жинақтауға көмектеседi. Головкинге қарсы ешкiм бәс тiге алмайды, себебi ол қазiр орта салмақта нөмiрi бiрiншi боксшы. Және оған Мюррейге қарсы осыны тағы дәлелдеу керек», - дедi.

Адам Бут: Головкиннiң деңгейi Штурм мен Мартинестен екi есе жоғары

«Головкинде мұндай жойқын күш ата-бабасынан дарыған», - дедi ол.

«Головкиннiң деңгейi Штурм мен Мартинестен екi есе жоғары. Мюррей Штурм мен Мартинестi жеңе алатынын дәлелдедi. Менiңше, сол жекпе-жектерден соң оның өзiне деген сенiмi артты. Сондықтан, ол боксшы ретiнде қазiр күштiрек. Солай болғаны да дұрыс, себебi Головкин ол екеуiнен екi есе мықты. Мен жекпе-жекке болжам айтпаймын. Маған Мюррей ұнайды, бiрақ оны аса ауыр айқас күтiп тұр. Мюррей Головкинге бұның алдында ешкiм қоя алмаған сұрақ қоя алады деп сенемiн», - дедi ол.