Адам денсаулығы үшін ең қауіпті аяқ киім түрі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Резеңке шәркей киюге жайлы болғанымен, оны жағажайда емес, көшеде кию аяққа зиянды, деп ескертеді дәрігерлер.

Адам денсаулығы үшін ең қауіпті аяқ киім түрі анықталды

Мұндай аяқ киімді кигенде жіліншік бұлшық еттері созылып, сіңір тартылады. Осының салдарынан адамның тізе буындары, саны, арқасы ауыра бастайды.

Шәркейдің табаны жайпақ, сондықтан аяқ жерге көп сүйкенеді, деп хабарлады Meddaily. Бұл сүйек пен буындарға қауіпті. Сонымен бірге арты ашық болғандықтан, оны аяқта ұстау үшін күш түсіруге тура келеді.

Шәркей аяқ башпайларында түйін, табан аурулары бар адамдардың жағдайын қиындатады. Инфекция түсіп, жара пайда болуы ықтимал. Аталмыш аяқ киімдерді киюді ұнататын адамдардың табаны тілінеді, резеңке табанда түрлі аурулар тудыратын зең саңырауқұлақтар мен бактериялар жылдам көбейеді. Демек, резеңке аяқ киімдерді киюден бас тартқан дұрыс.

Басқа аяқ киімдерге келсек, балетка да осындай қауіптер тудырады. Ал инфекция түсуін болдырмау үшін кроссовкиді шұлықпен киген жөн.