Адам қандай кофе түрін ұнатса, ол оның мінезінен хабар береді
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Адам қандай кофе түрін ұнатса, ол оның мінезінен хабар береді, деп хабарлайды meddaily.ru сайтынан.
Доктор Рамани Дурвасуланың 1000 кофеманға жүргізген сараптамасы кофе түрін тұйықтық, ашықтық, шыдамдылық, ақжүректік, қырағылық, сезімталдық және әлеуметтік батылдық сияқты мінез қырларымен байланыстыруға мүмкіндік берді.
Қара кофені ұнататындар, әдетте ысырапшылықты мойындамайтын адамдар болып табылады. Олар барлық нәрсенің қарапайым болғанын қалайды, тік мінезді, шыдамсыз және қандай да бір өзгерістерді қабылдамайтын болуы мүмкін. Егер сіз латте ішетін болсаңыз, онда сіз өзгелерге қуаныш сыйлағанды ұнатасыз.
Капучино ішетін адамдар өте талап қойғыш болып келеді. Олар бақылауға бейім, ерекше сезімтал, денсаулығын күтеді және обсессияға жиі тап болады. Ерігіш кофе мінездегі еркіндік және маңызды мәселелерді кейінге қалдырумен байланысты болады. Ал салқын тәтті кофе - әлеуметтік тұрғыдан батыл және өзін еркін ұстайтын адамдардың сүйікті сусыны.