Адам қорқытып ақша тауып жүргендер қамауға алынды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Шиелі ауданының тұрғыны 1977 жылы туылған азаматқа қызылордалық белгісіз азаматтар өзін күш қолдану арқылы қорқытып, жәбірленушіден 5 миллион теңге талап етіп жүргендері жөнінде полицияға арызданған. 
None
None

Жақында осы азаматтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.

Ол өзінің арызында ағымдағы жылдың наурыз айының 7-ші жұлдызында жәбірленушінің жұмысына белгісіз 2 азаматтар келіп «Біздің ағамызға ақша берешек екенсің, сол бес миллион теңгені бізге бересің,  айтқан соманы тез арада тауып бермесең бала-шағаңнан айырылып қалуың мүмкін» деп қорқытып кеткендігі мәлімделген.

Сонымен қатар, аталған азаматтар 19 наурызда жәбірленушіге қоңырау шалып, кездесіп тез арада ақшаны бермесең жағдайың қиын болады деп қорқытқан, сол арада әлгі қарыз деп ақша талап етіп жіберген жәбірленушінің бұрынғы танысы қоңырау шалып, «Мен саған балалар жіберемін деп айттым, тез арада ақшаны тауып бересің» деп телефонды сөндіріп қойған.

Аталған қылмыстық іс бойынша  27 наурыз күні жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шиелі кентінің бойында сағат 12:50 шамасында «СУБАРУ ОУТБАК» маркалы автокөлігін тоқтатып, автокөлік ішінен Қызылорда қаласының 3 азаматы көліктен шығарылып, тексеру жүргізу барысында автокөлік ішінен бір пышақ, және артқы орындықтың үстінде тұрған қара түсті «Барсетка» ішінен алдын ала арнайы дайындалған 100 дана 10 мың теңгелік купюра, барлық сомасы бір миллион теңге ақша айғақ зат ретінде алынып, күдіктілер Шиелі АІІБ-не жеткізілді.

Қазіргі таңда, аталған қылмыстық іс бойынша Қызылорда қаласының тұрғындарының қылмыстары дәлелденды.   Қызылорда облыстық прокуратурасының қолдауымен Қызылорда қаласының №2 сотымен санкция берілді. Қылмыстық іс сотқа жолданып, қарақшыларға 10 жылға дейін  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар