Адам құқығын сақтау ісінде қажетті шарттардың бірі - барлық қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттесуі
АНА, 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Адам құқығын сақтау ісінде қажетті шартардың бірі -барлық қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттесуі болып табылады.
Бұл туралы бүгін елордада ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңындағы Шолу конференциясының қорытынды отырысында ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров айтты.
Оның атап өтуінше, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бұл мәселені ортақ міндет ретінде қарастыруы қажет.
«Өзара әрекеттесудің түрлі формалары бар. Мәселен, ҚР зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі жұмыс тобында мемлекеттік органдармен қатар құқық қорғаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өзара әрекеттеседі. Олар бұл салада нақты мониторинг жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізеді», - деді А.Шәкіров.