Адам құқықтары бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалуын барынша нақтылау керек - дөңгелек үстел

None
None
АЛМАТЫ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық жоспар іс-қимылының аяқталуы қарсаңында жоспарланған әр шараның орындалу мерзімін және оған жауапты әр мемлекеттік органды нақтылап алу қажет.

Бұл туралы бүгін  Алматыда өткен Халықаралық азаптауға қарсы күніне орай өткізілген  дөңгелек үстел жиынында айтылды.

Бұл шара 2011 жылдың 1 наурызынан бастап жүзеге асырып келе жатқан «Адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарының Қазақстанда  орындалуына жүргізілген мониторинг» жобасының аясында ұйымдастырылған болатын. Еуропалық одақ қаржыландыратын аталмыш жобаны Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) және MediaNet халықаралық журналистика орталығы бірлесіп жүзеге асыруда. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы   бас бостандығынан айрылғандар құқығы мен  азаптаудан азат болу құқығы саласындағы Ұлттық жоспарда қарастырылған шаралардың орындалуында бірізділік жоқ.  Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро Шығыс Қазақстан бөлімшесінің директоры Қуат Рахымбердиннің сөзіне қарағанда, Қазақстандағы түрмеде отырғандар саны 2000 жылғы 67 937 адамнан 2010 жылы 50840 адамға дейін кеміді. Алайда осыған қарамастан қоғамнан аластату түріндегі жаза қылмыстық-құқықтық іс-қимыл жасау шаралары жүйесінде әлі алдыңғы орында келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар