Адам миы 45 жасында қартая бастайды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Адам миының қартаюы бұрындары 60 жас деп есептеліп келсе, енді 45 жас екендігі анықталып отыр.

Адам миы 45 жасында қартая бастайды

Лондонның Университеттік колледжінің ғалымдары жаңа зерттеулердің негізінде осындай шешімге келіп отыр.

10 жылдық зерттеуге 45-70 жас аралығындағы 7 мыңға жуық адам қатысқан, деп хабарлады Comments. Тәжірибе барысында олар жүйелі түрде тест тапсырып, өздерінің еске сақтау қабілеттері, сөздік қорын тексерген.

Нәтижелер сараптамасы адамның ақыл-ойының қабілеті 45-49 жаста-ақ 3,6 пайызға төмендейтінін көрсеткен. Жас ұлғайған сайын бұл үдеріс ұлғая түседі. 65-70 жаста адамның ақыл-ой қабілеті ер адамдарда 9,6 пайызға, әйелдерде 7,4 пайызға кемиді.