Адам мүшелері нанға айналды
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Адамның дене мүшелерінен айнымайтын нан өнімдері пайда болды. Қытайлық мүсіншінің әзірлеген ерекше тағамдарына қараудың өзі қорқынышты. Нан пісіруді ол 10 жасынан үйренген.
Қытайлық мүсінші Киттиват Унаром наннан адамның шынайы мүшелеріне ұқсайтын мүсіндерді жасаумен танымал болды. «Оның жұмыстары жүрегі мықты деген адамдардың өзін шошындыруы мүмкін» деп хабарлайды «Алаш айнасы» nur.kz интернет порталына сілтеме жасап. Киттиват Унаром әр таңын адамның мүшелері іспеттес ыдыста нан пісіруден бастайды. Оның барлық «туындылары» асқа жарамды. Мұндай нанды аспазшының отбасылық наубайханасынан сатып алуға болады. Көз, ерін және басқа да ұсақ мүшелер ретінде мүсінші жаңғақ, мейіз және кешьюді пайланады. Мүсінші сот мұражайлары мен адам анатомиясын зерттеуге көп уақыт жұмсапты. Соның арқасында жұмыстары да шынайы көрінеді. Киттиватуға Ратшабуридегі (Таиланд) наубайхана тиесілі. Наубайхана - Киттиватулардың отбасылық кәсібі. Мүсінші 10 жасынан бастап нан пісіруді үйренген.