14:20, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Адам өліміне күдікті Алматы облысының тұрғыны Киевте қолға түсті - ҚР ІІМ
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Бес жыл бұрын Қазақстанда адам өлтірген Алматы облысының тұрғынын криминалды полиция қызметкерлері Украина астанасы Киев қаласында қолға түсірді. Бұл туралы сәрсенбі күні болған брифинг барысында ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
«ІІМ арнайы тағайындалған «Сұңқар» жасағы мен ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері арқылы қылмыскер Қазақстанға жеткізіліп, Астана қаласындағы уақытша тергеу изоляторына қамалды», - деді ІІМ өкілі.