Адам өліміне күдікті Ресейде ұсталды – Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тергеу мәліметтері бойынша Успен ауданының тұрғыны ашық далада танысына бірнеше рет оқ атып, бой тасалап жүрген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Адам өліміне күдікті Ресейде ұсталды – Павлодар облысы

Павлодарлық полицейлер ресейлік әріптестерімен бірлесе осы іске қатысы бар күдікті ер азаматты қолға түсірді.

«Полицейлер адам өлтірген деген күдіктінің қай жерде жүргенін анықтады. Ер адам Ресей Федерациясы аумағында бой тасалап жүрген және сол жерде ұсталды»,- деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Күдіктіні анықтап, оның жүрген жерін табу үшін полицейлерге бір апта уақыт жетті.

Күдікті тұлға Қазақстанға экстрадицияланды.

Айта кетейік, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер 90 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 34 адамды тапты.