Адам өлтірген қылмыскер бақылаушы бейнекамераның көмегімен қолға түсті

АҚТАУ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - Оған енді өзінің жасаған  қылмысын дәлелсіз деп  қасарысудың қажеті  жоқ. Өйткені ол қылмыс жасау үстінде облыстық полиция бейнекамерасына түсіп қалғанынан хабарсыз еді,

Адам өлтірген қылмыскер бақылаушы бейнекамераның көмегімен қолға түсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№4 шағын ауданның 29 жастағы тұрғынын айуандықпен ұрып -соғып өлтірген 23 жастағы азамат бұлтартпас айғақ негізінде жедел ұсталды.

 МО ІІД  «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында 20-ға жуық  бейнекамералар қаладағы қылмыс түрлері  жиі қайталанатын шағын аудандарға орнатылған болатын. Соның нәтижесінде,  адам тонау, кісі өлтіру, т.б. қылмыс түрлері ашылып отыр.