Адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтың торына түскен 7 қазақстандық босатылды - Е.Ыдырысов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтың торына түскен 7 қазақстандық босатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКК-де өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
«Бізді консулдарымыз азаматтарымызға белсенді қолдау көрсетіп, мүдделерін қорғап келеді. Мысалдар да жеткілікті. Өткен жазда біздің консулдарымыз туристік агенттіктің банкротқа ұшырауына байланысты Түркиядан 500 қазақстандықтың елге қайтуына көмектесті. Олардың күш-жігерінің арқасында адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтың торына түскен Қазақстанның 5 азаматы Бахрейннен және 2 азаматымыз Ливиядан қайтарылды», - деді Е.Ыдырысов.
Сонымен қатар, ол еліміздің дипломатиялық қызметі шетелде қайғылы жағдайға душар болған азаматтарға да көмек беріп отыратындығын баса айтты.
«Өздеріңізде білетіндей, біздің азаматтарымыз жазда Францияда орын алған әуе апатында қаза болған еді. Оның ішінде Иманқұловтардың отбасы болған еді. Біз олардың жақындарына көмек көрсеттік. Мұндай мысалдар жеткілікті»,- деді министр.