16:28, 08 Наурыз 2013 | GMT +5
Адам саудасының құрбанына айналып, Халықаралық көші-қон ұйымынан көмек алғандардың басым бөлігі - әйелдер
АЛМАТЫ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Былтыр адам саудасының құрбаны болып, Халықаралық көші-қон ұйымынан көмек алған 153 адамның 94-ін әйелдер құрады.

Аталмыш ұйымның Орталық Азиядағы адам саудасымен күрес жөніндегі үйлестірушісі Эуридис Маркез Халықаралық әйелдер күніне орай, Алматыда «Құлдық еңбекке ұқсас мәжбүрлеуге сұраныстың төмендеуі» деген тақырыппен өткен Орталық Азиялық аймақтық сұхбат кезінде осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, адам саудасы бойынша Халықаралық көші-қон ұйымынан көмек алғандардың саны 2009 жылдан бері қайта өсе бастаған. Мәселен, 2007 жылы 107-ден 87-ге, 2008 жылы 64-ке дейін кеміген болса, ал 2009 жылы - 97, 2010 жылы - 134, 2011 жылы - 141, 2012 жылы 153-ке жеткен. Олардың 2009 жылы - 77-сін, 2010 жылы 93-ін, 2011 жылы 82-сін, 2012 жылы 94-ін әйелдер құрады.