10:47, 09 Қаңтар 2015 | GMT +5
Адам сенгісіз оқиға: Әйелді жүк көлігінің дөңгелегі қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда күре жолдың жиегінде көліктен шыққан әйелді жолдың жиегін бойлай домалап келе жатқан дөңгелек қағып кетті, деп хабарлайды auto.lafa.kz.
Адам сенгісіз оқиға Ханьчжоу қаласы маңындағы тас жолда орын алған. Сыртқы бақылау таспаларының жазбалары жол-көлік оқиғасының себебін көрсетті. Бұл - жүк көлігі дөңгелегінің шығып кетіп, 45 жастағы Шу Фан Цюді қағуы.
Оқиға салдарынан жарақаттанған әйел ауруханаға жеткізілді. Полиция бұл келеңсіз жағдайда рұқсат етілмеген жерге тоқтаған жеңіл көліктің жүргізушісі де, сапарға өз көлігінің техникалық жағдайын тексеріп шықпаған жүк көлігінің жүргізушісі де кінәлі екенін мәлімдеді.