Адам ұрлап, ақша бопсалағандар құрықталды - ІІМ

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Адам ұрлап, ақша бопсалағандар құрықталды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Адам ұрлап, ақша бопсалағандар құрықталды - ІІМ

Ведомствоның атап өтуінше, Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны белгісіз біреулердің күйеуін ұрлап, 200 мың теңге бопсалап отырғандығы турасында арыз берген. Құқық қорғау қызметкерлері арнайы іс-шара ұйымдастырып, бопсалаушыларға ақша беру барысында ағайынды екі азамат қолға түсті.

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау орнын қамалды», - делінген ведомство ақпаратында.