Адам үшін ең қауіпті әлеуметтік желі анықталды
Ақпаннан мамыр айына дейін 14-24 жас аралығындағы 1500-ден астам жастар әлеуметтанушылардың әлеуметтік желілердің оларға қандай да бір әсер ететіні туралы сұрақтарына жауап беріп, түрлі жағдайларға талдау жасады.
Ең танымал 5 әлеуметтік желіге талдау жүргізілді. Олардың арасында YouTube - адамның менталды денсаулығына ешқандай зиян келтірмейтін платформа ретінде бағаланды.
Екінші орында Twitter, одан кейін Facebook, төртінші орынды Snapchat иеленді. Ал, ең соңғы орында - Instagram тұр.
Сауалнама нәтижесі бойынша, Instagram-ның ашу туғызып, депрессияға түсіретіні, сондай-ақ кемсіту алаңына айналып бара жатқаны анықталды.
Бұдан бөлек, британдық ғалымдар әлеуметтік желілерде күніне екі сағаттан артық уақыт өткізбеуді ұсынуда. Себебі, адамдар өздерін басқалармен салыстырып, өз-өзінен бас тарту сезімі ұялайды.