Адамдар ашулы жолбарыстарға жем болмау үшін төрт күн бойы ағаш басында отырған
Сәрсенбі күні алты индонезиялық азамат тағамға қолдану үшін ағаш сүресінің сирек түрін әкелуге джунглиге сапар шеккен, деп хабарлайды Утро. ру.
Өздеріне азық табу мақсатында қондырған тұзаққа жолбарыстың баласы келіп түседі. Ауыр жарақат алған жолбарыстың күшігі тірі қалмады. Баласының кісі қолынан өлгенін көрген ересек жолбарыстар лезде азаматтарға тап береді. Ашулы жолбарыстар бір адамды талап тастаған. Ал өзге адамдар қорғану үшін тал басына шығып үлгереді.
Тірі қалған ер адамдар ұялы байланыс арқылы жақын маңдағы ауылдың тұрғындарына хабарласады. Құтқаруға келгендер азулы жолбарыстардың әрекеттеріне қарсылық көрсете алмай, кері қайтады.
Тек сенбі күні ғана тал басында отырған ер азаматтарды құтқаруға 30 құтқарушы барған. Жергілікті полиция бастығы Дики Сонданидің айтуынша, азаматтарды құтқару барысында егер жолбарыстар осы маңайдан кетпеген болса, мамандар оларды атып өлтіруі мүмкін.