Адамдар уақыттың 90 пайызын ғимарат ішінде өткізеді – Алмаз Шарман
АЛМАТЫ. KAZINFORM –– Уақытты өзгерту – бұл біздің өмірімізді табиғи биологиялық ырғаққа үйлестіру мүмкіндігі. Бұл туралы ҚР профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты.
–– Қазір адамзат уақыттың 90% -ын ғимарат ішінде, жасанды жарық астында өткізеді. Уақытты өзгерту – бұл біздің өмірімізді табиғи биологиялық ырғаққа үйлестіру мүмкіндігі. Біз ашық ауада, әсіресе демалыс күндері, отбасымызбен, балаларымызбен көбірек уақыт өткізіп, табиғат сияқты ерте оянуымыз керек, –– деп атап өтті ол.
Сонымен қатар Алмаз Шарман, АҚШ-та 1966 жылдан бастап жазғы және қысқы уақыттарға көшу тәжірибесі бар екенін жеткізді. Азаматтардың мезгілдік бейімделуіне қарамастан, ел қолайсыздықты жою және өмір сүру сапасын жақсарту үшін бір уақытқа ауысуға тырысады.
–– Биоритмдер – бұл жеке нәрсе. Өз өмір салттарымен өмір сүретін адамдар болады. Бірақ көпшіліктің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мүдделерге басымдық беру керек. Бірыңғай уақыт – бұл қоғам өмірін жақсартуға жасалған қадам, –– деді сарапшы.
Ғалым табиғи циклдармен үйлестіру денсаулықты нығайтуға ғана емес, өмір сапасын жақсартуға да көмектесетінін атап өтті.
–– Бір уақыт күнді қоршаған әлеммен үйлесімділікті сақтай отырып, отбасы мен демалысқа көбірек уақыт бөлу үшін ұйымдастыруға мүмкіндік береді,–– деп есептейді Алмаз Шарман.
Осыған дейін, Ғылым және жоғары білім министрлігі зерттеу алгоритмін түсіндірген еді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қараша айында Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері зерттелетіні мәлім болды.
Уақыт белдеуін зерттеуге шамамен 160 млн теңге жұмсалмақ.