Адамдар «Жедел жәрдемнiң» келуiн сағаттап күтедi - Ә. Жақсыбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдар «Жедел жәрдемнiң» келуiн сағаттап күтедi, деді Астана әкiмi Әдiлбек Жақсыбеков тұрғындар алдында есеп беру жиынында.
«Жаңа бiлiм беру және денсаулық сақтау нысандарын, жалпы әлеуметтiк нысандарды салу - аталған салаларды дамытудағы аса маңызды мiндет. Алайда, ең бастысы - көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы. Көп нәрсе сапалы медициналық қызметке, басшылық қызметiнiң нәтижесiне байланысты екенiн түсiнемiз. Жеткiлiктi материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң жоқтығынан жедел медициналық қызмет көрсету жүйесi қанағаттанарлықсыз деңгейде.
Адамдар «жедел жәрдемнiң» келуiн сағаттап күтедi. Мемлекет бұл саланы дамыту үшiн қомақты қаржы бөліп келеді», - дедi Ә. Жақсыбеков.