10:57, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Адамдар жыл сайын 1 миллиардтай құрбақа жейді екен
АСТАНА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат - Ғалымдардың есебі бойынша, адамзат жыл сайын 1 миллиардтай құрбақаны аулайды және жейді екен.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, амфибияларға деген артып отырған тәбет олардың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр. БҰҰ сарапшылары жария етіп отырған құрбақалардың халықаралық саудасы туралы мәліметтерге сүйенсек, бақалардың ең үлкен импортерлері - АҚШ пен Франция. Ол елдерден өнім бірнеше азиялық елдерге жөнелтіледі екен. Бақалар, әсіресе Индонезияда ең үлкен сұранысқа ие болып шықты, онда жыл сайын 5 тоннадай бақа пайдаланылады.