Адамдардың үстіне аялдама құлаған жағдайда өтемақыны кім төлейді
Астана әкімдігі желден құлаған аялдама павильоны құлаған жағдайда қандай шаралар қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.
«Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараты, сондай-ақ елордадағы Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мемлекеттік мекемелердің балансындағы нысандарды, яғни аялдама павильондары бұзылған жағдайда жөндеу жұмыстарын іске асырады», - делінген әкімдіктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ал аялдама павильонының құлауынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесіне тоқталсақ, мұндай істер азаматтық-құқықтық қатынас аясында реттеліп, сот арқылы шешіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың желтоқсанында елордада автобус аялдамасының әйнегі құлап, 2 адам жараланған еді.
Қараша айындағы дауыл кезінде қаладағы 7 автобус аялдамасы опырылды.