Адамдарды шынайы қарым-қатынас жасауға итермелейтін «офлайн-стақан» жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда жарнамалық компания «офлайн-стақан» жасап шығарды, деп хабарлады MigNews. Оның ерекшелігі мынада: бұл ыдыстың түбі қисық болғандықтан, ол үстелдің үстінде ұялы телефонның көмегінсіз тігінен қойыла алмайды.

Адамдарды шынайы қарым-қатынас жасауға итермелейтін «офлайн-стақан» жасалды

Ыдысқа осындай ерекше дизайн беру арқылы оны жасап шығарушылар адамдарға дәмханалар мен барларда отырған кезде олар уақыттарын смартфондарындағы хабарламаларды тексеруге емес, бір-бірімен «жанды» қарым-қатынас жасауға арнауға көмектескісі келген.

«Офлайн-стақанды» Бразилияның жарнама агенттігінің қызметкерлері ойлап шығарды. Олар бұл идеялары адамдарға гаджетте емес, шынайы өмір сүруге көмектеседі деп сеніп, зор үміт артып отыр.