Адамдардың үштен бірі қызғаншақ болып келеді - мамандар зерттеуі
АСТАНА. ҚазАқпарат - III Карлос атындағы Мадрид универсиететінің зерттеушілері адамдарды олардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай 4 түрге бөлуге болатындығын мәлім етті.
Олар: қызғаншақтар, оптимистер, пессимистер және сенгіш азаматтар. Бұл туралы Science Advances ғылыми журналында жарияланған мақалада айтылған, деп жазады lenta.ru.
Арнайы тәжірибе барысында ғалымдар 541 адамды түрлі әлеуметтік жағдайлар бойынша сынақтан өткізді. Сынақтың нәтижесі компьютерлік талдауға жіберілді. Талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша, сынаққа қатысқан азаматтардың 90 пайызы алдында айтылған санаттарға жататын болып шықты. Нақтырақ айтқанда, сынаққа қатысқан азаматтардың 30 пайызы қызғаншақтар, 60 пайызы болашағынан зор үміт күтетіндер, яғни оптимистер, қалған 20 пайызының жартысы пессимистер мен сенгіш адамдардың қатарында болып шықты. Ал, азаматтардың 10 пайызына қатысты мәліметтерді компьютер анықтай алмады.
Ғалымдардың айтуынша, азаматтардың жеке бас қасиеттеріне қатысты мұндай жіктеу жұмыстары алғаш рет ұйымдастырылуда.