Адамды еріксіз жылататын пияз-блокнот ойлап табылды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күнтізбе, блокнот шығаратын "Магнус Ферреус" компаниясы жақында адамды еріксіз жылататын пияз-күнделік ойлап тапты, деп хабарлады Day.Az.

Адамды еріксіз жылататын пияз-блокнот ойлап табылды - ВИДЕО

Күнделікте пияздың көзден жас ағызатын құрамы ғана алынып, мүңкіген иісі дәптерге сіңдірілмегені - қуанышты жағдай, деп жазады шетелдік БАҚ. Нақтырақ айтқанда, күнделікті дайындаушылар қағаз құрамына адамның көзінен жас ағызатын пияздағы этилпропил майын қосқан. Күнделікті ашып, қаламмен ысқылағанда пиязды пышақпен турағандағы жағдай секілді адам көзінен еріксіз жас тама бастайды.

«Күнделікке әсерлі ойларын жазғанда адам эмоциясын білдіре алмайды, біз осыны ескеріп, аздап драма қосқанды жөн көрдік», дейді компания басшылығы.

Бұл блокноттар алдымен Жапонияда сатылмақ.