Адамды іздеп табатын роботтар жасалды

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Қытай ғалымдары зілзаладан кейінгі құтқару операцияларына қатыса алатын роботттарды ойлап тапты, деп хабарлайды «Baq.kz» Ақпараттық порталы.

Адамды іздеп табатын роботтар жасалды

Арнайы тетіктер орнатылған роботтар үйінді астында қалған адамды іздеп табуға қабілетті. Іздестіру барысында құлтемір өз пішінін өзгертіп, қажет жағдайда тікбұрыш, төртбұрыш немесе сопақ күйге ене алады.

Бұған қоса, ғалымдар елгезек машинаны бейнекамерамен әрі аудиожүйемен жабдықтаған. Роботтарға радиация да тосқауыл емес. Мәселен, зілзала жайпаған Жапония үшін мұндай машиналар - таптырмайтын көмекші болар еді.