Адамды не тез қартайтатынын білесіз бе?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина қызметкерлері адамның үнемі қобалжуда болуы жалпы ағзаның қартаю процесін тездететінін айтады. Бұл туралы Росбалт жазады.
None
None

Америкалық ғалымдар қобалжу жағдайы мен ағзадағы жасушалардың арасындағы өзара қарым-қатынас нәтижесін алу мақсатында зерттеу жүргізген. Оған 42-69 жас аралығындағы 5000 әйел адам қатысқан.

Қатысушыларға өздерінің неден қорқатынын көрсететін сұрақтар сауалнамасын толтыру қажет болған.

Анықталған өзара байланыс былай түсіндіріледі: жасуша деңгейіндегі қобалжу жағдайы белгілі бір зақым әкеліп, оның дамуына негіз болады. Сол себепті жасушалар тез қалпына келмей, адам тез қартая бастайды.

Соңғы жаңалықтар