Адами ресурс - Қазақстанның басты әлеуеті - Д.Беккер

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елордада жеке тұлғаның өсуі жөніндегі бағдарламаның тұсаукесері өтті,

Адами ресурс - Қазақстанның басты әлеуеті - Д.Беккер

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарламаны құрастырушы Денис Беккердің сөзіне қарағанда, инвестицияны кадрларға салу қажет. «Өйткені олар дамудың үлкен әлеуеті бар ең маңызды ресурстар болып табылады. Нәтижелердің барлығын адамдар шығарады», - деді ол. «Менің ойымша, адами ресурс - Қазақстанның ең басты әлеуеті. Дегенмен, ол әлі толық пайдаланылмай келеді. Мен адамдардың өз көшбасшылық қасиеттерін дамытқысы келетінін көріп отырмын», - деп қосты ол. Д.Беккердің көптеген тренингтері білім алуға арналған.