Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Адамның басын трансплантациялау да мүмкін болады

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Алдағы жылдары адамның басын алмастыру операциясы әбден мүмкін болады. Бұл туралы италиялық нейрохирург Серджио Канаверо мәлім етті,

Адамның басын трансплантациялау да мүмкін болады

деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Utro.ru-дың хабарлауынша, Канаверо жүйке және мибұлшықет жүйесі зақымданған адамның басын қайтыс болған адамның сау басымен алмастыру мүмкін екендігін айтқан. Ғылыми медицина бұған біршама жылдан соң-ақ қол жеткізе алады. Екі түрлі ағзаның жұлынын жалғау медицинаны жаңа деңгейге көтермек. Италиялық нейрохирург қазір осы операцияның практикалық базасын әзірлеп жатқанын айтты. Дегенмен скептиктер Канавероның мәлімдемесіне күмән келтіріп отыр. Олардың айтуынша, мұндай технологияны жасау әсте мүмкін емес. Ал католик діні өкілдері болса басты трансплантациялау туралы идея аруақтарды қорлаумен тең деп отыр.