Адамның байлығы ең алдымен отбасындағы балалар санымен өлшенеді ? Н. Назарбаев

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Адамның байлығы ең алдымен отбасындағы балалар санымен өлшенеді.
None
None
Бүгін Елордада өтіп жатқан Қазақстан әйелдерінің V форуымында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бізге неке және отбасы институтын нығайту, оның мәртебесін арттырып, ар-иман құндылықтарын жандандыру қажет. Отбасы, бала және отбасы құндылығы, ондағы салт-дәстүрлер әрқашан да біздің қоғам мен мәдениетіміздің негізі болып қала береді. Біз көптеген отбасылар сақтап отырған игі дәстүрлерімізді, салтымызды қоғамға көрсетіп, оны насихаттауымыз қажет. Жас отбасыларды қолдаудың да маңызы зор. Мемлекет тарапынан бұл бағытта аз шаруа атқарылған жоқ. Ендігі күні жас отбасылар үшін ең алдымен ата-аналар да қамқорлыққа көбірек жүгінсе екен. Ауылда ат шаптырып, мың адамды шақырып той жасағаннан гөрі, жас отбасыларға қаражат беріп, олардың баспаналы болуына жағдай жасаған әлдеқайда артық», -деді Елбасы. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы отбасылық құндылықтарды насихаттаудың қажеттілігін айта келе, көп балалы отбасыларды үлгі ету мәселесіне назар аударды. «Менің ойымша, табысты отбасылар көпбалалы болуға ұмтылуы тиіс. Бұл барлық халықтарда да ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дүние. Адамның байлығы ең алдымен отбасындағы балалар санымен өлшенеді», - деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар