Адамның ең қауіпті жауы - шіркей

ЛОНДОН. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Британдық The Daily Telegraph басылымы адам өміріне қауіпті ғаламшардағы ең қатерлі үш жануарды атады,

Адамның ең   қауіпті   жауы -  шіркей
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Алғашқы үштікке шіркейлер, азиялық әбжылан және австралиялық медуза кіріп отыр. Шіркейлер тарататын аурулардан жыл сайын 2 миллион адам өледі екен. Ал азиялық әбжыланның уы жыл сайын 50 адамның өмірін қияды. Медузаларға қатысты статистика да жоғары болып отыр. Ал одан кейінгі орындарда үлкен ақ акула, африка арыстаны және австралиялық теңіз қолтырауыны тұр.