Адамның фотобейнесіне қарап диагноз қоюға мүмкіндік беретін бағдарлама шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдардың 6 пайызға жуығында кездесетін сирек генетикалық ауытқушылықтарды анықтау оңай емес. Сол себепті медицина қызметкерлері фотобейнесіне қарап шамалап диагноз қоюға мүмкіндік беретін бағдарлама ойлап тапты, деп хабарлады New Scientist.

Адамның фотобейнесіне қарап диагноз қоюға мүмкіндік беретін бағдарлама шықты

Мұнда адамның бет-әлпетінен көрініс табатын түрлі ауруларға тән белгілердің мәліметтер базасы жинақталған. Дәрігерлер сирек кездесетін аурулардың 30-40 пайызына оған тән сыртқы ауытқушылықтарға сүйеніп, диагноз қойып жатады. Бірақ барлық дәрігерлер мұны анықтай алмайды. Жаңа бағдарламаны Оксфорд университетінен Крисоффер Неллакер мен Эндрю Зиссерман ойлап тапты. Олар бағдарламаға Даун синдромын, әлсіз Х-хромосома синдромын қоса алғанда, 8 генетикалық аурулармен сырқаттанатын 1363 адамның фотосуретін жүктеді. Бағдарлама адамның бет әлпетіндегі 36 белгі (көз, қабақ, ерін, мұрын пішіні) бойынша ауруды таныды. Нақты анықтау үшін мамандар диагноз қойылған адамдардың суретіне бағдарламаны тестілеуден өткізді. Оның нақтылығы 93 пайызға жетті. Бүгінде бағдарлама 90 түрлі ауруды анықтай алады. Бағдарлама келешкте ДНК-ға талдам жасай алатын қосымшалармен толықтырылады. Бұл ауру диагнозын нақты әрі жылдам қоюға мүмкіндік бермек.