02:47, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Адамның мұрны қанша иісті сезе алады?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның мұрны триллион иісті сезе алатын көрінеді. Бұл туралы ғалымдар Science ғылыми журналында жариялаған. Зерттеу барысында олар адамның иіс сезу қабілеті бұрынғы зерттеулерде көсетілген нәтижелерден де жоғары болып келетіндігін анықтады.
Алдымен мамандар өзіндік хош иісі бар 128 молекуланы синтездеп, содан соң барлығын түрлі мөлшерде араластырған. Кейін осыдан шыққан иістерді тәжірибеге қатысушыларға ұсынған. Тәжірибеге парфюмерлер емес, қарапайым адамдар қатысқан. Нәтижесінде адамдар көп жағдайда бір-бірінен сәл ғана айырмасы бар иістерді де ажырата алатындығы байқалды. Зерттеу барысында анықталған деректерге сәйкес ғалымдар адам кем дегенде триллион түрлі иісті айыра алады деген қорытындыға келді, деп жазады gazeta.ru.