Адамның үрейі ұрпақтан ұрпаққа беріледі
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Адамның үрей-қорқыныштары тұқым қуалайды. Бұған АҚШ-тың Эмори университетінің дәрігерлері көз жеткізді,
деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
BBC-дің хабарлауынша, америкалық мамандар алдымен кеміргіштерді гүлдеген шие иісінен қашуға үйреткен. Ұзақ жылдық бақылаудың нәтижесінде мұндай фобияның сынаққа алынған тышқандардың екінші, үшінші ұрпақтарына да жеткені белгілі болды. Шие иісінен олардың ми құрылысы және жүйке жүйесі жұмысы бұзылған. Ғалымдардың айтуынша, үрей мен қорқыныш генетикалық деңгейде сақталып, жалғаса береді. Мысалы, ауыр жарақат алған ер адамның ұрығындағы ДНҚ-да сол жарақатпен байланысты ақпарат сақталуы мүмкін.