Адамзат табиғатты қалай өзгертті - ВВС
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ВВС басылымының жазуынша, Лорен Холт атты зерттеуші адамзаттың табиғатты қалай өзгерткенін және болашақта қалай өзгертетінін зерттеп келеді.
«Питсбургте жаратылыстану ғылымының тарихы орталығы бар. Онда жан жануарлар ағзасының эволюциясы мен қоршаған орта өзгерістері зерттеледі. Сонымен қатар адамзат мәдениеті мен биотехнологияның эволюцияға әсері жіті бақыланады», деп жазады автор.
Адамзат ғаламшардың флорасы мен фаунасына әсер етенін айта келе автор, қазіргі даму жылдамдығы болашақта табиғатқа қалай әсер етуі мүмкін деген сұраққа жауап іздейді.
«Бүгінгі таңда адам әсер етпеген табиғат бөлшектері жоқтың қасы. Адамзат пайда болғаннан бастап ландшафтты өзгертіп келеді. Өзгерте береді де. Он мың жыл бұрын адам алғаш рет генетикалық құрамды өзгертіп, қажетті түр алуды үйренді. Дегенмен, адамның бәсекелестігі, қоршаған ортаға кер әсері фаунаның көптеген бөлшегін жойып жіберген», деп жазады автор.
Оның айтуынша, адамдар табиғатқа кері әсерін болдырмауға тырысуы мүмкін. Тіпті, жабайы табиғатты қайта қалпына келтіруге тырысып көруі де ғажап емес.
«Бір анығы, генетикалық ақпаратты беру формасы өзгереді. Биотехнология дамып жатқанымен, табиғи дәуірдің өздігінен дамуына әсер етпеу мүмкін емес. Барлығы климаттың өзгеру проблемасына қарсы күресті қалай жүргізетінімізге байланысты болады. Дегенмен, адамзат қазіргі табиғатқа көзқарасын өзгертпесе, Жерге қауіп төнеді», дейді автор.