Адамзат тарихында иммундау медицинаның ең үлкен жетістіктерінің бірі болды –эпидемиолог
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцианацияның пайдасы қандай? Әлемдік вакциналардың айырмашылығы неде? Пандемияға дейінгі өмір салтына қайта орала аламыз ба? ҚазАқпарат тілшісінің сауалдарына Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасының эпидемиолог- дәрігері Гүлім Сабиден жауап берді.
«Коронавирустық инфекция ешқайда кетпейді. Алайда,пандемияны тоқтатып, «ковидке дейінгі» өмірге оралу мүмкіндігі бар. Бұл үшін ең дұрыс әдіс – КВИ-ге қарсы вакцинация», - дейді эпидемиолог- дәрігер.
- Гүлім Сәкенқызы, вакцинацияның қандай пайдасы бар?
- Вакцинация – бұл жұқпалы аурумен ауырмай иммунитетті алу, сондай-ақ инфекциядан кейін ықтимал асқынулардан өзіңізді қорғау мүмкіндігі.
Бірден айта кету керек, вакцинация инфекциядан 100% қорғамайды, бірақ асқынудан немесе мүгедектіктен қорғайды.
Адамзат тарихында иммундау медицинаның ең үлкен жетістіктерінің біріне айналды, жаппай иммундаудың сәтсіз тәжірибесі жоқ. Осылайша, шешек дерті вакцинацияның арқасында бүкіл әлемде жойылып кеткен жалғыз ауру болып қала береді
- Вакцинация КВИ таралуын тоқтата ала ма? Ондаған және жүздеген жылдар бұрын бүкіл әлемде басқа індеттер таралды. Және олар қандай да бір жолмен тоқтатылды. Ал қазіргі жағдай....
- Коронавирус ешқайда кетпейді, ол енді бізбен бірге қалады. КВИ вакцинациясы – пандемияны тоқтатудың ең сенімді әдісі және «ковидке дейінгі» өмірге оралуға мүмкіндік береді. Вакцинация арқылы адамзат популяциясы коронавирустың асқынуын және артық өлімді (әсіресе қант диабеті, демікпе, жүрек-тамыр аурулары, гипертония және т.б. сияқты созылмалы аурулары бар адамдарда) тудырмауға «мәжбүр етеді» деп күтілуде. Нәтижесінде коронавирустық инфекция маусымдық ауруға немесе асимптоматикалық тасымалдаушыға айналады.

Иммундау миллиондаған адамдардың өмірін қорғап, сақтап қалды, миллиондаған адамдарда
аурудың таралуы мен өмір бойы мүгедектіктің алдын алды. Бұл тек коронавирустық инфекция
жайлы емес. Медицинада «вакцинамен басқарылатын инфекциялар» термині бар. Бұл
вакцинация өлім-жітімнің, мүгедектіктің алдын алатын инфекциялар, ал жаппай иммундау кезінде қоздырғыштың айналымын және тіпті оның жойылуын (өлімін) азайтады. Мұндай инфекцияларға туберкулез, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық, паротит және т. б. жатады.
Яғни дәл осы жерде және қазір біздің қолымызда жұқпалы ауруларды басқару құралы бар және бұл –вакцина.
Вакциналардың пайда болуымен менингит (Б типті гемофильді таяқшадан), полиомиелит, қызамық және дифтерия аурулары 95-100%-ға төмендеді.
- Вакциналар өзара қалай ерекшеленеді (ресейлік, қытай, американдық)? Түрлі вакцинаның құрамы қандай болады?
- Вакциналар өндіріс технологиясымен, құрамымен, сақтау жағдайымен ерекшеленеді.
Осылайша, ресейлік Спутник V вакцинасы векторлық болып табылады. Бұл нені білдіреді?
Ғалымдар қауіпті емес, ауру тудырмайтын аденовирусты таңдап, оған s-коронавирус ақуызы деп аталатын ақуызды енгізді. Аденовирус біздің иммундық жүйемізге коронавирус ақуызын жеткізу арқылы өзі жойылады. Біздің ағзамыз S-ақуызын енгізуге иммундық реакцияны бастайды.
Нәтижесінде біз өзімізді инфекцияға ұшыратпай иммунитетті қалыптастыруға үйретеміз.
Спутниктің тиімділігі шамамен 90% құрайды. Бұл дегеніміз, 100 адамның тек 10-ы вирус жұқтыруы мүмкін, бірақ бұл 10 адам КВИ-ді асқынусыз қабылдайды.
Қытайлық вакциналардың құрамындағы вирустар зертханада жасанды түрде өсіріледі, содан кейін арнайы технологияның көмегімен өлтіріледі.
Американдық заманауи вакцина РНҚ вакцинасы деп аталады. Оның құрамында вирустың гені бар, ол біздің ағзамызға жауап береді, оны бейтараптандырады және есте сақтайды, егер толық вирус жұқтырылса, иммунитет оған қалай жауап беруге – жоюға үйретілген, осылайша инфекцияның дамуына мүмкіндік бермейді.
Барлық тіркелген коронавирусқа қарсы вакциналар клиникалық сынақтардан өтті, тиімділігі жоғары, қауіпсіз және ауруды тудырмайды.
- Вакцинациядан бірінші болып қандай санаттағы адамдар өтеді?
- Қазақстанда вакцинация бірінші ақпанда басталды. Бірінші кезекте вакцинацияланатын басым топтар анықталды. Олар: медицина қызметкерлері, педагогтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ведомстволық медициналық қызметтердің медицина қызметкерлері,медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар және азаматтардың қалған санаттары. Коронавирусқа қарсы вакцинация ТМККК шеңберінде жүргізіледі, яғни тегін. Вакцинацияға жазылу үшін өз емханаңызға жүгіну қажет.
- Неліктен балалар мен қарттарды вакцинацияламайды?
- Балалар вакциналарының тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтер аз болғандықтан ғана вакцинацияланбайды. Мүмкін болашақта адамзат тәжірибе жинақтаған сайын оған келуі мүмкін.
Қазақстанда қарт адамдарға да екпе жасала бастады, коронавирус инфекциясынан аға буын көп зардап шегуде. Сондықтан вакцинация оларға асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
- Вакцинаның антиденелері қаншаға жетеді? Вакцинаның КВИ инфекциясынан қорғайтын мүмкіндігі бар ма?
- Қорғаныс функцияларының ұзақтығы – бұл әр адамның жеке қасиеттеріне байланысты.
Вакцинаны жасаушылар Спутник V вакцинациядан кейінгі иммунитет орта есеппен екі жылға созылуы мүмкін дейді. Бұл іс жүзінде солай ма, оны Қазақстанда вакцинациялау жаппай сипат алған уақытта белгілі болады.
- Сұхбат бергеніңізге көп рахмет!