Адамзат тарихының Уикипедия интернет-энциклопедиясы онжылдығын атап өтуде

Уикипедия виртуальды кеңістікте 2001 жылы 15 қаңтарда пайда болған еді.
Бүгінде ол - танымалдығы жағынан әлемдегі бесінші орындағы веб-сайт. Оның бетіндегі 17 миллионнан астам мақаланы әлемнің түкпір-түкпіріндегі еріктілер бірлесіп жазған.
Ауқымы және тақырыптардың қамтылуы жағынан Уикипедия адамзат тарихындағы ең толық энциклопедия саналады. Бұл энциклопедия оқырмандардың көмегімен жазылады. Әркім (соның ішінде Сіз де) оның бетіндегі қайсыбір мақаланы түзетіп, не жаңасын енгізіп, өз үлесіңізді қоса аласыз. Түсінетін, білетін салаларыңызға тиісті жаңа мақалалар не аудармалар жазуға болады.
Интернет-энциклопедияның қазіргі таңда 260-тан астам тілде жазылған тараулары бар. Оның ішінде қазақ тіліндегі Уикипедия парағы да бар. Оның адресі - http://kk.wikipedia.org