Адамзаттың ХХ ғасырдың соңына дейін игерген білімі ХХІ ғасырда әр 14 жыл сайын екі еселеніп отырады
АЛМАТЫ. Мамырдың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Адамзаттың ХХ ғасырдың соңына дейін игерген білімі 21 ғасырда әр 14 жыл сайын екі еселеніп отырады.
Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі ретінде жоғары білімді жетілдіру» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Американдық ғалым, философия ғылымының докторы Филип Споттсвудтың айтуынша, ХХІ ғасырда білімді қалыптастыратын негізгі төрт күш бар. Біріншісі - білімнің экспонентті өсуі, екіншісі ? жұмыс сипатының өзгеруі, үшіншісі - жұмыстағы бәсекелестік сипатының өзгеруі, төртіншісі ? білім беру технологиясының өзгеруі. Рэй Курцвейл өзінің «Ғажайып қасымызда» деген еңбегінде білімнің экспонентті өсуі туралы жазған. Адамзаттың дамуынан ХІХ ғасырдың соңына дейін жинақталған білім, ХХ ғасырда екі есе ұлғайды. Ал біздің ХХ ғасырға дейін игерген барлық біліміміз енді 2014 жылға дейін екі есе өседі. Ал ол 2021 жылға дейін тағы екі есе ұлғаймақ. «ХХІ ғасырда оқу аттестат немесе университет дипломын алғаннан кейін де тоқтамайды. Қазір өзгерістер жылдам жүріп жатыр. Ересек адамдар оған ілесу үшін үнемі үздіксіз білім алуы керек. Мәселен, АҚШ-та 2015 жылдары білім алудың 50 пайызы он-лайн арқылы жүргізілмек. Менің ойымша, қолданыстағы білім беру жүйесінде ой-лайндық оқудағы ықпалдастық Қазақстанның әлемнің озық елдерінің қатарына қосылуына зор септігін тигізуі мүмкін», - дейді Филип Споттсвуд.