Адамзаттың саны 7 миллиардқа жақындап келеді

НЬЮ-ЙОРК. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат- 2012 жылға қарай Жердегі халықтың саны 7 миллиардты шамалайтын болады.
None
None
Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандары әзірлеп, сәрсенбі күні Нью-Йорктағы штаб-пәтерде таныстырған ғаламшардағы демографиялық жағдайдың болжамында осындай мәлімет келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Осы мәліметтерге сәйкес, бүгінде әлемде 6 миллиард 800 миллиондай адам тұрады екен (2008 жылғы мәлімет), бірақ келешекте бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 78 миллионға өсіп отырады, деп болжануда. БҰҰ-ның есебі бойынша, осылайша Жер бетінде 7 миллиардыншы нәресте үш жылдан кейін дүниеге келмек. БҰҰ болжамынша, Азия мен Африканың дамушы елдері негізгі демографиялық қозғалтқыш болады, ол елдердегі халықтың саны 2009 жылғы 5,6 миллиард көрсеткіштен 2050 жылға қарай 7,9 миллиардқа дейін жететін болады. Дамыған елдер, керісінше демографиялық пассивтілік көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар