Адамжегіш акулалардың 70 жыл өмір сүретіндігі анықталды
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа зерттеулер мәліметтеріне сәйкес ақ акула немесе адамжегіш акула 70 жылға дейін өмір сүре алады.
Ал бұған дейін осынау теңіздегі тіршілік иесі мұнан 3 есе кем өмір сүреді деп саналып келген еді. Бұл жайында ВВС-дің Орыс жаңалықтары жария етіп отыр.
Ағаштың қанша жыл өскендігін анықтауға мүмкіндік беретін діңіндегі сақиналар акулаларда да бар. Бірақ олардың ағаш сақиналарына қарағанда көзге көрінуі өте қиын. Ғалымдардың атап өтуінше, кейбір акулаларда 50-60-шы жылдардағы атом бомбасы сынағы салдарынан пайда болған радиоактивті шөгінділер жиналып қалған. Ал олар акула сақинасын өлшеу жұмыстарын біршама жеңілдетеді.