Адасқан турист жәндіктерді талғажау етіп, аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су тасқыны салдарынан бағытынан жаңылысқан неміс турисі Бэкпекер Австралияда адасып, үш апта бойы жәндіктермен қоректенген.
17 ақпанда Квинсленд штатындағы Логрия қаласының оңтүстік- батысына қарай жаяу жолға шыққан 26 жасар Даниэл із-түзсіз жоғалып кетеді.
Бұған дейін жас жігіт бірнеше ай бойы Жаңа Оңтүстік Уэльс және Квинсленд арқылы келе жатқанда полициямен байланысын үзбеген көрінеді. Бірақ су тасқынына тап болған ол адасқан. Біраз уақытқа дейін айналасын су басқан шағын ғана құрғақ жерді паналап, жан баққан. Жергілікті фермерлер мен полицейлердің іздестіру шаралары да еш нәтиже бермеді.
Оның айтуынша, сол уақыт аралығында талғажау еткен шыбын-шіркей оның өмірін сақтап қалған. Даниэльді кездейсоқ мотоцикльмен келе жатқан адам тауып алады.