«Адастырмаған ауызбірлік. Кеден одағынан - Біртұтас экономикалық кеңістікке» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. /ҚазАқпарат/  - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда желтоқсанның 21-і, дүйсенбіі күні жарық көрген материалдарға шолуды ұсынады. 
None
None

 «Адастырмаған ауызбірлік. Кеден одағынан - Біртұтас экономикалық кеңістікке». Осы тақырыппен «Егемен Қазақстан» газеті Алматыда өткен ТМД-ның жеті елінің мемлекет басшыларымен өткен бейресми саммитке егжей-тегжейлі тоқталған. Басқосуда Беларус, Ресей және Қазақстан басшылары - А. Лукашенко, Д. Медведев және Н. Назарбаев 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Кеден одағын құратындығы туралы мәлімдеме жасады. «біз қол жеткізуді ниет етіп отырған  басты нәрсе - біздің халықтарымыздың жоғары сапалы өмірі, біздің елдеріміздің тұрлаулы экономикалық және әлеуметтік дамуы» делінген аталған мәлімдемеде.

Бұл саммитке «Казахстанская правда»газеті де арнайы мақала арнаған. «Жексенбі күні Алматыда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамашылығымен өткен ТМД-ның жеті елінің Президенттерінің екі күндік бейресми басқосуы аяқталды.  Осы саммитте  Кедендік одақ мемлекеттерінің басшылары - Н. Назарбаев, Д. Медведев және А. Лукашенко Біртұтас экономикалық кеңістік құру бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол қойды», деп жалғайды «Казахстанская правда».

 «Ақжайықта алынған асулар» тақырыбымен берілген «Егемен Қазақстан» газетіндегі келесі мақала Үкімет Басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын кеңінен жазған.  К. Мәсімов бұл сапарында Теректі ауданындағы өсімдік майын өндіретін зауытты көріп, көз ауруларын емдейтін  жаңадан ашылған денсаулық нысанының жұмысымен танысты. Одан өзге «Жол картасы» аясында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, әлеуметтік-экономикалық  маңызды нысандарды аралап көріп, оң бағасын берді.

Ел газетіндегі келесі бір тағылымды мақала «Тәуелсіздік және Президент» тақырыбымен жарық көрген. Бұл мақалада  Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің басқарма бастығы, профессор Бақтияр Сманов жоғары білім саласында Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жүзеге асқан игі істер мен жетістіктерге тоқталған.

Осы аптада «Жалын» республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журналының 12-ші нөмірі оқушы қауымның қолына тиді. Журналдың бұл санынан М. Мырзахметовтың  «Халық санағы: Өсу мен өшу» атты мақаласын, М. Шахановтың Желтоқсан көтерілісі турасында берген сұхбатын, сондай-ақ басқа да тақырыптардағы қызықты мақалаларды   табуға болады.

Қазақстандықтар Тәуелсіздік мейрамын бұқаралық ойын-сауықтық, мерекелік іс-шаралармен, концерттермен ғана емес, әлеуметтік -экономикалық тұрғыдан маңызды нысандар мен халықтың даңқты ұлдарына ескерткіштер ашу, пәтер кілттерін табыс ету секілді  игі істермен де атап өтті. Бұл турасында «Казахстанская правда» газетініңбеттерінен оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар