«Әдебиет әлеміндегі - әйел жүрегі» атты шығармашылық кеш өтеді

Атап айтқанда, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-журналист, республикалық «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, бірнеше прозалық кітаптардың авторы Заря Жұманова және филология ғылымдарының кандидаты, ақын, әдебиет сыншысы, жыр жинақтар мен монографиялардың авторы Гүлзада Ниетқалиева Елорда тұрғындары алдында шығармашылық ізденістері жайлы айтып береді.
Бұл кездесудің тақырыбы да ерекше. «Әдебиет әлеміндегі - әйел жүрегі» атты шығармашылық кеште қос қаламгер өз ойларымен бөліседі.
Айта кету керек, Заря Жұманованың есіміоқырманға жақсы таныс, ол - Қазақстан Жазушылар одағының Ғ.Мұстафин атындағы әдеби сыйлығының иегері, Сорос заманауи өнер орталығының, ЕҚЫҰ жабық бәйгелерінің жүлдегері, « Түнгі оттар», «Екіге бөлінбейтін келіншек», «Сіз іздеген адам», «Ұлтын сүйген ұлылар» атты кітаптардың авторы.
Ал ақын Гүлзада Ниетқалиева Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, «Қиғаштың қарлығашы», «Ақбота күнді аңсаумен», «Ардақтым», «Аллажар», «Дара», «Есенғали Раушановтың поэзиясы» атты жыр жинақтары мен монографиялардың авторы екені белгілі.
Осы мәдени іс-шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жыр сүйер қауым мен БАҚ өкілдері шақырылып отыр.