Әдебиет бойынша Нобель сыйлығына канадалық Элис Мунро ие болды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына 82 жастағы канадалық новеллашы Элис Мунро ие болды, деп хабарлады РБК.
None
None

Нобель комитеті оны қазіргі замандағы әңгіменің шебері деп атады және оның психологиялық реализммен сипатталатын баяндау мәнерін атап өтті.

Э.Мунро әдебиет бойынша Нобель сыйлығын иеленген 13-ші әйел және бұл награданың 110-шы иегері болды. Ол бұған дейін Букеров сыйлығымен және үш рет Канада губернаторының сыйлығымен марапатталған болатын. Психологиялық күрделі кейіпкерлерді сомдағаны үшін солтүстікамерикандық әріптестері Э.Мунроға «Біздің Чехов» деген атақ берді.

Биыл осы атаққа жапондық Харуки Мураками, американдық Джойс Кэрол Оутс, венгр прозашысы және драматургі Петер Надаш, әлемнің танымал драматургі Юн Фоссе, корей ақыны Ко Ун, хиппи қозғалысының символы Боб Дилан және басқалары бәсекеге түскен болатын.

Э.Мунро 1931 жылы 10 шілдеде Онтарио провинциясының Вингем қалашығында дүниеге келген. Ол жасөспірім кезінен жаза бастаған, 1950 жылы Солтүстік Онтарио университетінде оқып жүрген кезінде «Көлеңке өлшемі» атты алғашқы әңгімесін жариялады. Оның «Бақытты көлеңкелер биі» атты алғашқы жинағы 1968 жылы Канада губернаторының сыйлығына ие болды. Осы награда сондай-ақ «Ал сен кімсің, өзі?» және «Махаббат прогресі» кітаптары үшін де берілді. Сондай-ақ Э.Мунро «Жастық шағымның досы» және «Махаббат - жақсы әйел» атты кітаптары үшін Trillium және Giller кітаптар сыйлығын алды. Көптеген сыншылар оның әңгімелері эмоциялық, әдеби тереңдігі жағынан романдарға татиды деп санайды.

Соңғы жаңалықтар