«Әдебиет порталы» «Кітап жүктеу» қызметін іске қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әдебиет порталы» қолданушыларға арнап «Кітап жүктеу» қызметін іске қосты. Бұл қызмет арқылы кез келген оқырман өзінің немесе басқа бір автордың PDF нұсқадағы кітабын порталға орналастыра алады.

Бұл портал жұмысының жандана түсуіне де, оқырмандарымен байланыс жасап отыруына да соны серпін беретіні анық. Белсенді қатысушылар өз қолдарында бар электронды кітаптарды басқа оқырмандармен бөлісуіне де үлкен мүмкіншілік ашылып отыр.

Кітап жүктеу үшін порталдың «Оқыңыз» бөліміндегі «Кітаптар» деген сілтемесіне немесе негізгі беттегі «Кітап жүктеу» деген бөлімшеге кіру керек. Сосын барлық жолдарды мұқият толтырып, кітаптың мұқабасын .jpg, .png форматтарында жүктеу керек. Осыдан кейін кітап туралы мәліметтерді енгізіп, PDF нұсқадағы кітаптың өзін де жүктеуге болады.

Ал порталда жеке парақшасы жоқ автордың кітабын жүктеу үшін кітаптың мәліметтерін орналастырып болғаннан кейін «Автор қосу» тетігін басып, одан кейін шыққан жолдарды мұқият толтыру қажет. Автордың фотосы мен өмірбаянын орналастыру керек.

Барлық жолақтарды толтырып болғаннан кейін сақтау тетігін басу арқылы барлық мәліметтерді портал әкімшілеріне жібересіз. Олар өз кезегінде жүктелген кітапты тексеріп, жалпы оқырманның назарына ұсынады.

Соңғы жаңалықтар
telegram